«ӘЙТЕКЕ БИ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

 

«Келісілді»                                                                 

Арнайы пәндер

Бірлестігінің жетекшісі

________ Н.С.Абдисаттаров

«__»_________2020 ж.

 

 

Шебер класс

 

 

Тақырыбы: Бутерброд түрлері

 

Өткізген:  Мустафина С.Е.

 

Пән: «Арнаулы технология»

Оқытушы: Мустафина Сандугаш Есеткызы

Тақырыбы: Бутерброд түрлері

Мақсаты: Заманауи білім беру нәтижесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда нәтижеге бағдарланған шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: Көкөністерді турауға арналған тақтайшалар, жақсы, өткір пышақтар, таразы, шұңғыл табалар, арнайы тәрелкелер, қасық, арнайы формалар, арнайы консервіленген банкаларды ашуға арналған құрал.

Қажетті азық-түліктер: Картоп, сәбіз, тұздалған қияр, шұжық, жұмыртқа, жасыл бұршақ, лаваш, тарталеткалар, майонез, салат жапырағы, аскөк, тұз және бұрыш.

 

Негізгі бөлім:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу
  2. Санитарлық-гигиеналық талаптар және қауіпсіздік техникасы:
  • Еден таза әрі құрғақ болуы керек
  • Ыдыс-аяқ, құрал-жабдықтар, жұмыс орны таза болуы керек
  • Қоқыстарды тастайтын арнайы қоқыс шелегі болуы тиіс
  • Аспаздың арнайы киім үлгісі, бас киімі, алжапқыш, сүлгі, орамал және арнайы аяқ киімі болуы керек
  • Өрт шығу қаупінен сақтану үшін плита үстінде тұрған ыдыстарды қараусыз қалдыруға болмайды
  • Электржабдықтардың шнурлары ашылып жатқан болмауы тиіс
  • Электрплитаны құрғақ қолмен сөндіру керек
  • Консервіленген банкаларды арнайы құралымен ашу керек
  • Пышақпен жұмыс жасау барысында өте сақ болу керек

 

  1. Бутерброд түрлерін атап, жасалу жолдарын түсіндіру және дастарқанға ұсыну.