Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері
Қызметтің атауы |
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау», «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру». |
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган |
«Әйтеке би көпсалалы колледжі» МКҚК |
Қызметтің тұтынушылары |
Жеке тұлғалар |
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы |
Тегін, қағаз түрінде |
Қызметтің көрсетілетін тәртібі |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 және 2015 жылғы 6 қарашадағы №627 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы және Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №182, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №478 қаулысы. |
Керекті құжаттар |
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш; отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама; ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін); отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №142-І бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анқытама; жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш; білімі туралы құжаттың түпнұсқасы; 3*4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген флюросуреті қоса берілген 086 –У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысы); ұлттық біріңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса); жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаған мерзімді баспа басылымынан үзінді немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну; «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы); ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі; қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы); «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы №289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша анықтама «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушы тұлғаны салыстыру үшін қажет). |
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау», «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» туралы қолхат беру және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» туралы бұйрық болып табылады.
|