Колледж миссиясы, стратегиясы
Колледж миссиясы
Әйтеке би көпсалалы колледжі- заманауи оқу орны, техникалық және кәсіптік білім беруде дуалды және модульді оқыту жүйесін енгізуге бағыталған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына, Техникалық және кәсіптік ұйымдардың типтері қызметінің үлгі ережесіне,Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартып, Қазақстан экономикасы үшін білікті мамандар мен кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді. Әйтеке би көпсалалы колледжі- Ақтөбе облысындағы ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын, білім берудің инновациялық тәсілі негізінде бәсекеге қабілетті техникалық бейіннің маманын дайындауда қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы білім беру қызметін ұсынатын іргелі оқуорны. Колледжі бітірген түлектеріміз аудан, облыс мекемелерінде жұмысқа қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікті құру және пайдалы бизнес ұйымдастыруға мол мүмкіншілікке ие.
Республиканың кәсіптік білім беру нарығындағы тұрақты ұстанымға ие болу мақсатында жастарды тарту үшін колледж өз қызметін ұзақмерзімді, қысқа мерзімді және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады. Ресурстарды талдау негізінде колледж (материалдық, қаржылық, кадрлық) заманауи өндіріс талаптарының өзгеруін ескере отырып, Әйтеке би көпсалалы колледжінің стратегиялық мақсаты мен миссиясы анықталды.
Әйтеке би көпсалалы колледжінің 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары білім беру мекемесінің негізгі қызметін, қызметінің негізгі бағыттарын, іске асыру мерзімдерін және күтілетін нәтижелерді көрсетеді. Бұл жоспар колледждің барлық оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне шолу жасау үшін қол жетімді.
Әйтеке би көпсалалы колледжінің миссиясы:
Қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, кәсіби өсуге дайын білікті маман даярлау.
Колледждің миссиясы біздің ұйымның аймақтың әлеуметтік-экономикалық және білім беру контекстіндегі орнын және рөлін білдіреді, өйткені бүгінгі нарық жағдайында жоғары жеке қасиеттері бар, теориялық және тәжірибелік дағдылары жоғары мамандар өздерінің білімдері мен дағдыларымен өмір бойы бәсекелесе алады және дамытады.
Әйтеке би көпсалалы колледжінің миссиясы 2019-2020 оқу жылының 13 қыркүйегіндегі №1 педагогикалық кеңесінде талқыланып, бекітілді.
Әйтеке би көпсалалы колледжінің дамуының стратегиялық мақсаттары:
- экономикалық орнықты даму үшін сапалы білімнің қажеттілігін қамтмасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, кәсіптік білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- педагог мамандығының беделін көтеру;
- еңбек нарығының, еліміздің индустриялық- инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім сапасына қол жеткізу;
- қазіргі заманғы білім беру мен кәсіптік даярлау, жаңа технологияларды, идеяларды және көзқарастарды пайдалану;
- студенттердің өмір сапасының әлеуметтік және құқықтық қорғау, құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету
Міндеттері:
- экономикалық индустриялық – инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, колледждің құрылымын жаңарту;
- колледждің беделін арттыру;
- дуальды оқу жүйесін енгізу;
- еліміздің индустириялық- инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;
- жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктілігін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға шәкіртақы төлеу және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ету, қажетті көмек ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасылар балаларын бір мезгіл тегін ыстық тамақпен толық қамтамасыз ету;
- студент жастар арасында құқық бұзушылықтарды және қылмысты төмендетуге қол жеткізу, студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қалыпттастыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, қылмыстың, нашақорлықтың алдын- алуды қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
• Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету
• Инновациялық білім беру жүйесін дамыту;
• «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасына қатысу;
• Білім беру қызметі сапасын бақылаудың заманауи механизмдерін қолдану (оқу-өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, рейтинг, мемлекеттік аттестаттау, институционалдық және мамандандырылған аккредитация).
• ТжКБ мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын дамыту саласында заманауи қоғам және әлеуетті жұмыс берушінің еңбек нарығы қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейге жету.
Колледж стратегиясы
Колледждің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу үшін нормативтік негіз болып табылды:
• Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы», 2007 жылғы 27 маусым
• Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы.
• Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер және мамандықтар жіктеуіші;
• «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген, 2013 жылғы 17 мамыр, № 499;
• Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
• Жыл сайынғы Мемлекет басшысының жолдауы.
Колледждің стратегиялық даму жоспары 2011 жылдан бастап, бес жылда бір рет (2011-2015, 2016-2020, 2021-2025 жж.) жасалады.
2016 жылы 2016-2020 жылдарға арналған Білім және ғылымды жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасының ескерілген стратегиялық жоспары әзірленді.Стратегиялық жоспар оқудың барлық түрін, оқу-өндірістік, тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстың барлық түрлерін, сондай-ақ колледждің ақпараттық және кәсіптік бағдар беру қызметін анықтайды. Колледждің Стратегиялық даму жоспарын әзірлеумен құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жетекші педагогтар және колледж студенттерінен тұратын жұмыс тобы айналысты.
2021 жылы колледж ұжымының көзқарасын есепке ала отырып, мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалай отырып, 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық колледжді дамыту жоспары 2021 жылы 30 тамыз №1 педагогикалық кеңесінде талқыланып, қабылданды.
Стратегияны әзірлеу кезінде негізгі өндірісті дамыту және жаңа қуаттылықты енгізу есепке алынып, аймақ экономикасын дамыту үрдісі және еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігі ескерілді.
Колледждің дамуының стратегиялық бағыттары:
1. Техникалық білім берудің қолжетімділігі мен тартымдылығын ету
• Экономикалық техникалық және қызмет көрсетудің білікті және бәсекеге қабілетті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру
• Техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділікті кеңейту
• Колледжде білім беру сапасын және бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру
• Колледжді білікті инженерлік- педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету
• Әлеуметтік серіктестікті дамыту
2.Жастардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік- экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау
- Кәсіптік білім беру және коллежде тамақтандыруды қамтамасыз ету
- Студент жастар арасындағы азаматтық белсенділік және патриотизмді дамыту.
- «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениетінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға жәрдемдесу;
3. Еңбек нарығының, елдің индустриалдық- инновациялық даму міндеттерін және жеке талабының қажеттілігін қанағаттандыратын жаңа инновациялық жобаларды іске асыру
• Қазақстан Республикасының қызмет көрсету, ауылшаруашылық салалары үшін білікті мамандар даярлауда танымал болу;
• Колледждің білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
• Оқытудың заманауи технологияларын оқу үрдісіне енгізу.
• Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту
• Оқу үдерісін, оқытуды ұйымдастыру бойынша әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту;
• Ауданның және аймақтың еңбек нарығы сұранысын мейілінше толық қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінде кәсіптік білім деңгейі мен кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру;
Колледжді дамытудың жоғарыда көрсетілген бағыттары колледж ұжымының алдына басшылық қоятын нақты міндеттерді анықтайды, колледжішілік бақылау жоспарына сәйкес шешіледі және бақыланады. Колледжде құрылымдық бөлімшелердің қызметіне үнемі мониторинг жүргізіледі, мәселелер жедел түрде анықталады және мәселелерді табысты шешуге байланысты міндеттер шешіледі. Көрсетілетін білім беру қызметін үнемі жақсарту тетіктері әдістемелік, педагогикалық кеңестерде, әр түрлі деңгейдегі жұмыс кеңестерінде колледж ұжымымен өңделеді.Колледждің Даму стратегиясы негізінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер әзірленді, олар бағыттар бойынша жоспарларды іске асыру деңгейін сипаттайды.
Колледж жоғарыда көрсетілген стратегиялық бағыттар шеңберінде мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, жауапты тұлғалар орындау мерзімдері көрсетіледі. (жылдық, айлық жоспарлар). Колледждің одан әрі қарқынды дамуының стратегиялық шарты білім сапасы болып табылады, ол білім беру процесінің жақсы сапасына тікелей байланысты.
2021-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының орындалысы туралы хаттама бойынша Әйтеке би көпсалалы колледжінде:
Колледж директоры менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және орналасқандардың үлесі 75%-ды құрап отыр.
Ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен 23.12.2020 жылы өткен.
Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №49 хаттамалық шешіміне сәйкес мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы негізінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би көпсалалы колледжі» МКҚК-і 12 білім беру бағдарламасы бойынша аттестатталды.
Соңғы бес жылда ғылыми әдістемелік, педагогикалық журналдарда жарық көрген педагогтар үлесі – 70% көрсеткішті көрсетуде.
Жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысатын жастардың жалпы санынан - 90%- ды құрап отыр.
Колледждің балансында 1-оқу ғимараты бар (2қабатты, жалпы ауданы 1774,3 ш.м., жобалық қуаты - 300), онда 9 теориялық оқу кабинеттері орналасқан. Оның 6-і – жалпы білім беретін кабинет, 3-еуі- арнаулы пән кабинеттері: Ақпараттық желілер, Шет ел тілдері (Орыс тілі және шет тілі), Алғашқы әскери дайындық, Информатика, Тарих және құқық, Жаратылыстану, «Жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік негіздері», «Дәнекерлеу ісі мен электр жабдықтары», «Ауылшаруашылық машиналары мен автомобиль жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» кабинеттері, 1-Музей 19,1ш.м., 1- Спорт зал 152,8ш.м., 1- Студенттік асхана 171,4ш.м. жобалық қуаттылығы - 200. Интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинеттер саны - 2, барлығы 114,5ш.м., Оқу кабинеттерінде 10 интерактивті тақта, 18 моноблок комплектісімен, 62 ноутбук және 25 компьютер оқу процесіне пайдаланылады.
Интернетке қолжетімділік бар, WIFI жүйесі бар. 1 нүктенің кіру жылдамдығы 37,64мб/сек.
Барлық оқу кабинеттері, тәжірибе бөлмелері техникалық паспорттарымен жабдықталған және оны толтырылуы сұраныс талабтарына сай келеді.
Жатақхана-1 4 қабатты. Жалпы ауданы 1989,9 ш.м., жобалық қуаты – 80 орындық, Жатақхана 3 қатарлы жуыну бөлмесінен, кір жуу бөлмесінде 2 автоматтандырылған кір жуу машинасымен, 3 киім кептіргішімен, үтік басуға арналған бөлмеде 2 үтік және 2 үтіктеуге арналған тақтайшамен, азық түлік сақтауға арналған бөлме 2 тоңазытқышпен, 5 орындық ата-аналарға арналған бөлмемен және сақтау камерасымен қамтылған. Жатақхана ғимаратында 1 мәжіліс залы (жалпы ауданы 85,4 ш.м.), 1 оқу залымен қоса кітапхана (жалпы ауданы - 51,1ш.м., оқу залы - 12 орындық), 3 теориялық оқу кабинеттері (жалпы ауданы 212,4 ш.м.) және 3 шеберхана бар (жалпы ауданы 221,5 ш.м.) бар. Оқу кабинеттерінің 3-і – жалпы білім беретін кабинеттер: Биология, Математика, Қазақ тілі және әдебиеті.
1-Медициналық бөлме (жалпы ауданы 17,8ш.м.), егу бөлмесі-1 (жалпы ауданы 15,8ш.м.). Медициналық бөлмеде келесі жабдықтар бар: медициналық таразы, медициналық стол, медициналық шкаф, мұздатқыш, бой өлшегіш, қабырғалық және қозғалмалы сәулелендіретін бактерицидтік шам, жедел жәрдем қобдишасы, жарақатты байлау құралдары, дәрі - дәрмектер.
Медициналық бөлімшенің қызмет көрсетуге №10775 DD лицензиясы бар.
Жатақхана ауласында спорттық алаң бар, үшінші қабатында ас бөлмесі, әжетханамен жуыну бөлмесі бар. Жатақхананың әр қабаттары мен ауласы видео бақылау камерасымен және күзетшімен қамтылған.
Оқу сағаттары 1 ауысымнан тұрады. Оқу алаңы 1 оқушыға шаққанда 1 оқу ауысымының есебінен 6,0 ш.м. келеді. Колледж 106 компьютермен қамтылған. 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.
Колледж алаңында 2-жөндеу боксы бар. (Жалпы ауданы 2136.1 ш.м.), 1-шеберхана ғимараты бар. (Жалпы ауданы 248.8ш.м.).
Колледжде барлық кабинеттер мен шеберханалар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 1 автотренажер, 1- интерактивті тақта, 2-компьютерлер жинағы, 3-баспалық құрылғылар т.б. жабдықтар алынса, 2017 жылы компьютерлік класстағы көне компьютерлер жаңалармен ауыстырылды. Компьютерлік кабинеттер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай медициналық құралдарымен, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген. 2019 жылы бюджеттен 2100,0 мың теңге бөлініп, 10 моноблок, 2020 жылы 3555,0 мың теңгеге 15 моноблок оқу кабинеттеріне алынды. 2022 жылы Ақтөбе білім басқармасынан 62 ноутбук колледжге берілді.
Шеберханалар заманауи өндірістік құрал-жабдықтармен талап деңгейіне сай қамтылуда. Өндірістік оқытудың материалдық- техникалық базасы талапқа сай жасақталған. Кітапханада қажетті техникалық, электронды оқулықтар, компьютерлер бар.
Колледж бойынша 2016-2020 жылдарды білім сапасы:
2015-2016 оқу жылы – 79%
2016-2017 оқу жылы – 82%
2017-2018 оқу жылы – 75%
2018-2019 оқу жылы – 70%
2019-2020 оқу жылы – 85%
2021-2022 оқу жылы – 90%
2022-2023 оқу жылы – 92%
Колледжде ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 5 студентке бір компьютерден келеді. Колледж интернет желісіне қосылған.
Мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде, іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Кәсіптік практиканы өткізу үшін аймақтың, ауданның мекемесімен келісім шартқа отыру арқылы студенттердің теориялық білімін базалық кәсіпорындарда өткізуге мүмкіндік жасалған. Колледжбен келісім шартқа отырған мекемелер сұранысы бойынша бітіруші оқу топтары 100% көрсеткішпен өндірістік тәжірибеден өтті.
Колледждің жұмысына SWOT талдау қорытындысы бойынша мамандықтарға оқытатын инженер-педагог кадрлар негізінен тәжірибелі және біліктіліктері талапқа сәйкес келеді.
Оқытушылар Құрамы - 31
Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері-1
Педагог- Сарапшы - 2
Педагог- Сарапшы - 2
Педагог- Модератор - 6
Магистр - 2
Мамандықтар бойынша кәсіптік конкурстар ұйымдастырылуда, аудан мектептері оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде, бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына түсуі артуда, колледжде техникалық - шығармашылық үйірме ашылып, жұмысы жүргізілуде.
Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жоспарлы біліктілікті арттыру курстарынан өткізілуде.
Білім алушылар мен оқытушылардың оқыту процесін ұйымдастыруға қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді.