10 Наурыз колледж медбикесі Ғ.Ауезованың ұйымдастыруымен Әйтеке би аудандық ауруханасының дәрігерлері нарколог Л.Ш.Бақтиярова, фтизиатор А.Ш.Абдильдина, салауатты өмір салтын қалыптастырушы дәрігер С.Т.Жубанышовамен колледж  білім алушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, «Зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, студенттерге зиянды әдетке айналған электронды темекі оның денсаулыққа келтіретін зардаптарын және тәуелділіктің арты қайғылы жағдайларға апарып соғатынын жіті түсіндірді. Кездесу барысында студенттер дәрігер-маманға өз ойларындағы сұрақтарын да қойып тұжырымды жауаптарын алды.


Короновирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау мақсатында Әйтеке би көпсалалы колледжіндегі Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 Қаулысының 19- қосымшасымен және штаттық оқу кезінде санитарлық- эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға байланысты жүргізілген шаралар

 

Әйтеке би көпсалалы колледжінде кіре берістерде аяққа арналған кілемшелер (3) жайылды.

Студенттердің оқу кабинеті, асхана, әжетханаға қозғалысына және шоғырланатын жерлерде белгілер, бағыттауыштар жасалды.

Оқу ғиаратының 1-қабаттарында қолданылған бетперде мен қолғаптарды лақтыруға арналған қоқыс салғыш (2), әжетханаларда қолды залалсыздандыруға арналған сабын және кептіруге арналған электронды тоқ кептіргіш (3) орнатылды.

Сонымен қатар, оқу кабинетінің сыртқы есіктерінде колледжге кіре берісте санитарлық талаптарды сақтауға байланысты ескертпе қағаздары ілінді.

Оқу кабинеттеріндегі парталаға студенттердің орналасуы бойынша белгі қойылды.

Әр үзіліс сайын кіші қызметкерлер оқу кабинеттерін желдету, ылғалдандыру тазалық жұмыстарын атқарады.

Колледжге кіре берісте кезекші студенттер, қызметкерлер және сырттан келушілердің қызуын арнайы құралмен тексеріп, тіркеп алады.

Оқу кабинеттеріне қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктер қойылды.