МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды үнемі жақсарту білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы. Әйтеке би көпсалалы колледжінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған көптеген жұмыстар жасалуда.

Материалдық-техникалық база жыл сайын заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, зертханалар және арнайы оқу кабинеттермен толығып отырады. Колледждің балансында оқу ғимараты, жатақхана, 2 жөндеу боксы, шеберхана ғимараты бар. Сонымен қатар 5 шеберхана, 13 пәндік оқу кабинеттері, 1 компьютерлік класс, акт залы, кітапхана, оқу залы, музей, спорт зал, студенттік асхана, жатақхана білім алушыларға қызмет көрсетуде. Колледжде барлық кабинеттер мен шеберханалар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, стандартқа сай жабдықталған.

2013 жылы бос тұрған 4-қабатты жатақхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жатақхананы толық жабдықтауға жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаражат бөлінді. Жатақхананың 1-2 қабаттарында 5 заманауи шеберхана, 3 оқу кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, акт залы, егу бөлмесі бар мед кабинет жабдықталып, іске қосылды. 2015 жылы оқу корпусындағы спортзал және асхана күрделі жөндеуден өтті.

 

 

Колледждің оқу кешені оқу корпусынан,  жатақханадан, оқу-өндірістік шеберханасынан тұрады.

Оқу ғимаратының жалпы көлемі – 1774,3 м2, жобалық қуаты - 300.

  • Оқу ғимаратында 10 теориялық оқу кабинеттері бар. Оның 7-і – жалпы білім беретін кабинет, 3-еуі- арнаулы пән кабинеттері: Қазақ тілі және әдебиеті, Гуманитарлық пәндер (Орыс тілі және шет тілі), Өзін- өзі тану, Алғашқы әскери дайындық, Информатика, Қоғамдық пндер (тарих және құқық), Жаратылыстану,  Жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік негіздері, Трактор мен автомобиль және техникалық қызмет көрсету, Ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету  мен жөндеу кабинеттері бар. 
  • Спортзал – көлемі 152,8 м2
  • Асхана – көлемі 171,4 м2 жобалық қуаттылығы, отыратын орындар – 200.

 

 

 

Жатақхана ғимаратының жалпы көлемі –1989,9м2, жобалық қуаты, студенттер жататын төсек-орын саны – 80 орын.

  • Жатақхана ғимаратында 3 теориялық оқу кабинеттері және 5 шеберхана бар. Оқу кабинеттерінің 2-і – жалпы білім беретін кабинет, 1-еуі- арнаулы пән кабинеттері: Биология, Математика және физика және Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру кабинеттері.
  • Шеберхана - 5: Ауылшаруашылық машиналары, Электрогазбен пісіру, Слесарлық шеберхана, Газбен қамтамасыз ету автоматикасы мен телемеханика, Аспаз шеберханасы.
  • Акт залы- көлемі 85,4 м2
  • Кітапхана – 1;
  • Мед кабинет – 1.

Медициналық кабинетте төмендегідей жабдықтар бар, медициналық таразы, медициналық стол, медициналық шкаф, мұздатқыш, бой өлшегіш, қабырғалық және қозғалмалы сәулелендіретін бактерицидтік шам, жедел жәрдем қобдишасы, жарақатты байлау құралдары,  дәрі- дәрмектер.

  • Егу бөлмесі-1
  • Компьютерлік кабинеттер саны -1:

 

 

Оқу кабинеттерінде 11 интерактивті тақта, 10 моноблок  комплектісімен, 1 ноутбук  және 32 компьютер оқу процесіне пайдаланылады

  • Кітапхана -12 орындық

 

 

Колледждегі автокөліктер саны - 4, оның ішінде жүк автокөлігі -1 ( жүргізіп, үйретуге арналғаны-4), жеңіл автокөлігі -3 (жүргізіп, үйретуге арналғаны-2).

Техника саны - 4, оның ішінде трактор – 3: МТЗ-920, Т4-А , Белорусь-82,1, оның ішінде  (жүргізіп үйретуге арналғаны – 3), комбайн Енисей – 1 (жүргізіп үйретуге арналған).

     Тіркемелер - 1 (ПФН-100) .

Оқу шеберханасында: шөпшапқыш КДП-4,0, шөптайлағыш ПТ-165М, Автотренажер, доңғалақты теңгеру стенді, доңғалақты ауыстыру станогы.

Материалдық техникалық базаның жабдықталуы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы «Мектепке дейінгі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» №97 бұйрық негізінде колледждің материалдық  техникалық базасының  жабдықталуы - 78 %. Өндірістік оқу шеберханасында студенттер арнайы киімдермен және құралдармен қамтамасыз етілген.

Колледжіге қарасты өндірістік оқу шеберханасы - 5: Ауылшаруашылық машиналары, Электрогазбен пісіру, Слесарлық шеберхана, Газбен қамтамасыз ету автоматикасы мен телемеханика, Аспаз шеберханасы.

 

 

 

 

 

Слесарлық шеберхана 25 орынға жабдықталған.  Студенттер  арнайы киімдермен қамтылған. Өндірістік оқу шеберлері оқу жоспарында көрсетілген сағаттары бойынша сабақ өткізеді.

  1. Бұрғылау станогі Jet JDP -10   -  1 дана
  2. Қайрау станогі Jet JBG-150 -     1 дана
  3. Жонғыш станок Jet BD-8  -         2 дана
  4. Бұрғылау - кесу станогі -      1 дана
  5. Слесарлық верстак қысқышымен -     8 дана
  6. Автослесарлық құрал-саймандар жинағы – 1 дана.

 

 

 

 

Ауылшаруашылық машиналары шеберханасы. Шеберхана  қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған:

  1. Дизельді қозғалтқыштың қимадағы түрдегі макеті – 1 дана
  2. Бензинді қозғалтқыштың қимадағы түрдегі макеті – 1 дана
  3. Фарсонкаларды тексеру және реттеу стендісі - 1дана
  4. Қозғалтышты бұзып жинау және «схождение», «развал» - 1дана
  5. Жиналған түрде беріліс қорабы – 1 дана
  6. Ауылшаруашылығы машиналары мен тракторлардың техникалық қауіпсіздігіне арналған стенд – 1 дана
  7. Жеңіл автокөліктің алдынғы арқалығы – 1 дана
  8. Жеңіл автокөліктің тежеуіш жүйесі – 1 дана
  9. Жеңіл автокөліктің артқы арқалығы – 1 дана
  10. Автокөліктің тіркесу (сцепление) жүйесі – 1дана
  11. Автокөліктің электржабдықтарын реттеу стенді – 1 дана
  12. Ауылшаруашылығы машиналары бойынша баспа және мультимедиялық оқу құралдары жинағы
  13. «Автокөлікті жөндеу жұмыстары кезінде еңбекті қорғау» арнаулы дисциплинасы бойынша плакаттар.

 

 

Электрогазбен пісіру шеберханасы. Шеберхана келесі құрал-жабдықтармен, стенділермен жабдықталған:

  1. Пісіру (сварочный) трансформаторы – 1 дана
  2. Қозғалмалы пісіру аппараты – 1 дана
  3. Арнаулы киім - 15 компект
  4. Маска - 10 дана
  5. Пісіру құрылғысы УДГ-180 - 1 дана
  6. Газопропанный баллон - 1 дана

 

Газбен қамтамасыз ету автоматикасы мен телемеханика шеберханасы. Шеберхана келесі құрал-жабдықтармен, стенділермен жабдықталған:

  1. ШРП- шкаф распорядительный понижающий – 1 дана
  2. Газоанализатор – 1 дана
  3. Гаечный кілттер жинағы – 1 дана
  4. Қысым өлшеуге арналған манометр – 1 дана
  5. Оқу стендтері – 3 дана
  6. Газбен қамтамасыз ету бойынша баспа және мультимедиялық оқу құралдары жинағы – 1 дана.

 

 

Аспаздар  шеберханасы. Шеберханада аспаздың арнайы киімдері бар. Технологиялық карталары жасақталған.

  1. Мұздатқыш - 1 дана
  2. Азық-түлікті турайтын стол - 1 дана
  3. Сабау (выбивальная) машинасы - 1 дана
  4. Фритюрница - 1 дана
  5. Микротолқынды пеш - 1 дана
  6. Элекрлі пеш - 1 дана
  7. Электрлік таразы - 1 дана
  8. Шырынсыққыш машина – 1 дана
  9. Буқазан – 1 дана
  10. Блендер – 1 дана
  11. Миксер – 1 дана
  12. Интерактивті тақта – 1 дана
  13. Компьютер жинағы – 1 дана.

 

 

         Колледжде дене шынықтыру сабақтарын, сондай-ақ спорттық дағдыларды жетілдіруге арналған сабақтарды өткізу үшін жақсы спорт базасы бар: 152,8 м² спорттық жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Барлық жалпы білім беретін, арнаулы пәндер оқу кабинеттері мен  шеберханаларының  жұмыс жоспарлары мен төлқұжаттары  жасақталған.  МТБ-ның жағдайы студенттер  контингентін оқу процесінде толық қамтамасыз етіледі.

Оқу орындарын қамтамасыз ету және оқуға түсетін әрбір студент – 38 шаршы метр, ол лицензиялау талаптарына жауап береді.

Колледжде оқу үдерісін ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын жеке компьютерлік жиынтық  жаңартылуда. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі компьютерлердің жалпы саны 52 дана, ноутбуктер саны 1 дана. Интернетке қолжетімді- 1 компьютерлік сынып 15 дана дербес компьютер бар. Сонымен қатар, 11 интерактивті тақтасымен жабдықталған оқу сыныбы бар, принтерлер, сканерлер, көшірме аппараттары және басқа заманауи технологиялар бар.

          Колледж мүлкі Әйтеке би көпсалалы колледжінің саясатын, мақсаттары мен даму стратегиясын іске асыру үшін қолданылады. Мүлікті тиімді пайдалану үшін тиісті жағдайда ұстау, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету білім беру саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тиімді және нәтижелі жоспарлау және мақсаттарды қанағаттандыру үшін инфрақұрылымның жарамдылығын мерзімді бағалау негізінде жүргізіледі..

Әйтеке би көпсалалы колледжі менеджмент жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау үшін қажетті қаражатты уақтылы ұсынады және өндірістік процестерді қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар, бағдарламалық құралдар, көлік және коммуникация құралдары бар. Инфрақұрылымды жұмыс жағдайында ұстау техникалық даму жоспарларына сәйкес жұмыс орындарын қазіргі заманғы жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылады. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жоспарлар жабдықтарды дұрыс ұстауды қамтамасыз ету және жұмыстар мен қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Басқару жылу, желдету және жарықтандыру жүйелерімен өндірістік ортаны реттеу құралдарын қолданумен қамтамасыз етіледі.

 

 

Әйтеке би көпсалалы колледжі өнімдерінің тиісті сапасына қол жеткізу үшін тиісті өндірістік ортамен қамтамасыз етілген:

- Жабдықталған жұмыс кабинеттері мен үй-жайлары;

- Жабдықталған оқу аудиториялары;

-Компьютерлік кабинет;

- Жабдықталған оқу-шеберханалары;

- Кітапхана;

- Асхана;

- Акт залы.

                 Персоналдың толыққанды шығармашылық жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалған: ыңғайлы қызметтік үй-жайлар, ОТҚ, қажет болған жағдайда қызметтік көлік бөлінеді, спорттық қызметпен айналысуға мүмкіндік бар, кітапхана қорын, интернетті, компьютерлік техниканы және т. б. пайдалану. Авариялық жағдайларға және оларға ден қоюға дайындық жоспарлары әзірленді. Жұмыс орындарында өрт сөндіру құралдары бар.

                 Жылдық талдау процестерін қоса алғанда, барлық процестерге талдау жүргізіледі. Бұл жұмыс құрылымдық бөлімшелердің бекітілген жоспарлары негізінде жүзеге асырылады, олар өнімге және процестерге қойылатын талаптарды қанағаттандырады. Құрылымдық бөлімшелердің сапалы және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Әйтеке би көпсалалы колледжі МТБ нығайту бойынша жұмыс жоспары жасалады.