Әйтеке би көпсалалы колледжінің тарихы
1974 жылдың тамыз айында Комсомол және Қарабұтақ аудандарына қажетті мамандар даярлау мақсатында №133 кәсіптік – техникалық училищесі (1974-1985 жылдары) Комсомол селосы орталығында ашылды.
1985-1996 жылдары №17 кәсіптік орта техникалық училище, 1996-2005 жылдары - №17 кәсіптік-техникалық училище, 2005-2008 жылдары -№17 кәсіптік мектеп, 2008-2012 жылдары Әйтеке би №9 кәсіптік лицейі, Ақтөбе облысы әкімінің 2012 жылдың 10 шілдесіндегі №240 қаулысына сәйкес Әйтеке би №9 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды. Оның материалдық-техникалық базасы ұлғайтылды, егіс көлемі 500 гектарға жуық. 300 орын жатахана, асхана, спортзал және кітапхана жұмыс істейді. Шәкірттерге жоғарғы орта білімді 30 -ға жуық жоғары, бірінші санаттағы инженер-педагогтар дәріс оқиды. Колледжде пәндік үйірмелер жұмыс істейді.
Арада өткен 30 жылдан астам уақыт ішінде мұнда 10 мыңға жуық кең мамандықты тракторшы-машинист, автокөлік жүргізушісі, тігінші, құрылыс шеберлері даярланды.
№133 Училищесінің алғашқы директоры А.Докучаев 1974-1975 жылдары аралығында, Ғ.Мұхамбетов 1975-1979 жылдары, В.С.Балманов 1979-1984 жылдары, №17 кәсіптік орта техникалық училищені С.К.Ботағарин 1984-1985 жылдары, №17 кәсіптік орта техникалық училищені Р.И.Арнольд, 1985-1990 жылдары, Р.Н.Бериков 1990-1991 жылдары, М.С.Қарабаев 1991-200 жылдары, А.К.Кодебаев 200-2004 жылдары, №17 кәсіптік мектепті Н.И.Балманова 2004-2008 жылдары, Әйтеке би кәсіптік №9 кәсіптік лицейге Р.С.Смағұлова 2008-2010 жылдары, 2010-2020 жылдары А.С.Канымбаев, 2020-2022 жылдары К.А.Туралин директордың міндетін атқарды. 2022 жылдан бастап Әйтеке би көпсалалы колледжін М.С.Жиенкожаев басқарып келеді.