Бұл өткізілген іс-шараның мақсаты: тәуелсіз елін шексіз сүюге, тәуелсіздікті аңсаған ата баба аманатына адал болуға,ерлігінен үлгі алуға насихаттау болды. Кітапханада өткізілген шараға қатысқан адам саны-25. «Тәуелсіздік күні-қазақтың жеке мемлекеттік жалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе.»-деді аудандық кітапхана қызметкері Ермағанбетова Ақмарал. «Тәуелсіз ел-Қазақстан» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кешке аудандық кітапхана қызметкерлері Басыгарина Гүлназ, Ермағанбетова Ақмарал және ГҚЖ – 5 тобы студенттері қатысты. Кітапханашы кешке арнайы шақырумен келген қонақтарға рахмет айтып, естелікке суретке түсуге шақырды.