Кеш қонақтары Г.Қонысбаева, Г. Ауезова, А.Орынбекова, Г.Басыгарина, Н. Дәрібаева ГҚЖ-1 тобы студенттері.Кеш Сара Алпысқызының өмірімен байланысты өтті. Сергіту сәтімен басталып, Сара Алпысқызының өмірінен сұрақ- сауалнама жүргізіліп, «Анашым менің байлығым» атты көрініс қойылып, көрермен көңілінен шықты. Ана мен баланың бір – біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін көрсете білді. Дулатов Арман М.Мақатаевтың «Ана» атты жырын мәнерлеп оқыды. Кешке қатысқан қонақтар құттықтау сөз алып, жүрек жарды тілектерін білдірді. Қонақтар мен студенттерге кітапханашы алғысын білдірді.