Әйтеке би көпсалалы колледжі кітапханасы

  Кәзіргі заман талабына  сай  кәсіптік  техникалық  білім  беру барысындағы өзгерістерге   толы уақытта заманауи  кітапхана  бейтарап  қала алмайды. Кітапхана- ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.  «Кітап –білім бұлағы , білім –өмір шырағы» демекші, колледж кітапханасы шағын болғанымен атқарар қызметі өте көп.   

  Білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан студенттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағлымы  мол тәрбие ошағына  айналдырып отырған  колледж  кітапханасының алар орны орасан  зор. Кітапхананың басты міндетінің бірі:  Колледж  ұжымының барлық  мүшесіне оқу  бағдарламаларына сәйкес кітаптарды және басқада ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттық барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамыту.

Негізгі көрсеткіштер

Оқырман саны – 206
Келушілер саны - 3637
Кітап берілімі - 5971

  Кітапхана жыл сайын  мерзімді басылымға жазылады. Егемен Қазақстан, Білімді  ел, Ана тілі,  Ақтөбе, Жаңалық  жаршысы және Үш таған журналы келеді, реттік сандары бойынша   жинақталуда. 

  Әйтеке би көпсалалы колледжі кітапханасының қорында бүгінгі таңда 8413 дана оқулық  бар. Қазақ тілінде -2833, орыс тілінде- 5580. Оқу –әдістемелік кітаптар-1057, көркем әдебиет- 750 дана , 6580 оқулықтар, электронды оқулықтар 26-  дана .

  Кітапхана аумағы- 53 кв м, кітап сақтайтын аумақ- 27 кв м, орындық саны- 12.