Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11220 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Мадеев С.М.) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________________ Ә Исекешев
      «___»___________2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Экономика министрі
      _____________________ Е. Досаев
      «___»___________2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 200 бұйрығына    
 1-қосымша       

   «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
          3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
          Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
    1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
          күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
          сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
          2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
           3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
          5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
          6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
          Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.
          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
          7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
          8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
          Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
          9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
          1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
          2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
          3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
          4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
          5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);
          6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
          Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
          Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
          1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
          2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
          3) босқын – босқын куәлігі;
          4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
          5) оралман – оралман куәлігі.
          Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
          1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
          2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  6. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
          осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.
          Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
          Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
          Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
          11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
  8. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:
    1) 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8
          телефон: +7 (7172)742-425
          e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
          2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.
          13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
          14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі білім беру
 ұйымдарына құжаттар қабылдау» 
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 1-қосымша   

Нысан

   Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың
алынғаны туралы қолхат

Оқу орны ____________________________________________________________
                           (оқу орнының атауы)
_____________________________________________________________________
           (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
1. Өтініш
2. __________________________________________________________________
      _______________________________________________
      _______________________________________________

Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

20__ ж. "__" _____________

«Техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі білім беру
 ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 2-қосымша

   Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

Өңірдің атауы

Телефон

Заңды мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Костанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд./47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www. akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

  Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 14 сәуірдегі 
 № 200 бұйрығына   
 2-қосымша       

   «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
          3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
          Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
    1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
          2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
          3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
          5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
          6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
          7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
          8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
          Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
          9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
          1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
          2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
          3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
          4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
          5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
          6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
          7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
          Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
          осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
          Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
          Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
          Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
          11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
  7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  8. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;
          e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;
          2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
          13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
          14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Техникалық және кәсіптік білім беру
 ұйымдарында білім алушыларға  
 жатақхана беру"       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 1-қосымша     

нысан

   Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама

_____________________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)
Азамат (-ша) ________________________________________________________
                  /тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.

Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________

20___ ж. «____» _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.

Директор __________
           (қолы)

20___ ж. «____» _________

        М.О.

«Техникалық және кәсіптік білім беру
 ұйымдарында білім алушыларға  
 жатақхана беру»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 2-қосымша     

Нысан

______________________________ директоры
_________________________________________
(оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________ мамандығы бойынша
_________________________________ тобының
студенті ________________________________
            Т.А.Ә. (бар болса)        

   Өтініш

Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Келу орны____________________________________________________________

20 ж. « » _______                                       /қолы/

  «Техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдарында білім
 алушыларға жатақхана беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 3-қосымша  

   Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

Өңірдің атауы

Телефон

Мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www.

akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

  Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 14 cәуірдегі  
 № 200 бұйрығына     
 3-қосымша        

   «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
          3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
          Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
          2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 күнтізбелік күн;
          ХҚО-ға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
          2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, ХҚО-да – 15 минут;
          3) көрсетілген қызметті берушіде көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.
          5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
          6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
          Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
          7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі –қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
          8. Жұмыс кестесі:
          1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
          2) ХҚО-да – еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
          Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек күту» тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
          9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
          көрсетілетін қызметті берушіге:
          1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш;
          2) жеке куәліктің көшірмесі (тұлғаны салыстыру үшін);
          3) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаған мерзімді баспа басылымынан үзінді немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну;
          Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
          ХҚО-ға:
          1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;
          2) жеке куәліктің көшірмесі (тұлғаны салыстыру үшін);
          3) құжаттың нөмірі және берілгенін тіркеу күні көрсетілген, азамат құжатының жоғалғаны жөніндегі ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаған мерзімді баспа басылымынан үзінді немесе бүлінген құжаттың түпнұсқасын ұсыну;
          Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны таратылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының орналасқан жеріндегі мұрағатқа жүгінеді.
          Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО-ға тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
          ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда қолхат негізінде жүзеге асырылады.
          ХҚО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға дайын құжаттарды жібереді.
          Мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың мәліметтерін ХҚО қызметкері «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
          Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО беретін нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
          Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
          10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
  6. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағым жазбаша түрде:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының немесе оны алмастыратын адамның атына;
          осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органының атына беріледі.
          Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде, ХҚО-да тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
          Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
          Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ЖАО немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
          Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
          Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы қосымша ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы жауап) қол жетімді болады.
          12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
  7. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  8. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіршілік әрекеті немесе өзі-өзіне қызмет көрсету, өз бетінше жылжу, бағдарлау мүмкіндігі толық немесе жартылай шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы ХҚКО қызметкері жүргізеді.
    14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
          1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:
          010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8
          телефон: +7 (7172)742-425
          e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
          2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында;
          3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында
          4) www.e.gov.kz порталында орналастырылған.
          15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
           16. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 

 

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім  
 туралы құжаттардың телнұсқаларын 
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына          
1-қосымша

 

       

_______________________________________________
_______________________________________________
/оқу орны басшысының Т.А.Ә. (бар болса) толық /
________________________________ ______________

/көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар
болса) толық /
_______________________________________________
 /оқу орнының атауы, бітірген жылы/     
________________________________________________
______________________________ мамандығы бойынша
 (мамандық атауы)                           
өзгерген жағдайда оқу орнының атауы және мекенжайы

 

 

Өтініш

 

 

Маған________________________________________________________________
              /себебін көрсету/
_____________________________________________________________________


            _______________________________байланысты дипломның телнұсқасын беруіңізді    

          сұраймын.

 

                     Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын   

           мәліметтерді пайдалануға келісемін.

 

           «____»_______________20 __ж.                                              ________________________
                                                                                 /қолы/

 

 

 

  «Техникалық және кәсіптік білім  
 туралы құжаттардың телнұсқаларын 
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына          
 2-қосымша            

Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының  
тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.
 (бар болса) немесе көрсетілетін қызметті
 алушы ұйымының атауы      
________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

 

 

 

Құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат

 

 

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
   

   құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) ...

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә.                  (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә.
      Телефоны ___________


      Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы

 

      20__ ж. «___» _________

 

 

 

«Техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі білім беретін
 ұйымдарға құжаттар қабылдау» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 3-қосымша    

   Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

Өңірдің атауы

Телефон

Мекенжайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда көшесі, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Костанай қаласы, Әль-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд./47

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www. akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК