Әйтеке би көпсалалы колледжінде 23- қараша күні Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жұмыстарын күшейту мақсатында 1- курс студенттері «Жетістікке жеткен түлектер» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы әрі ауданға белгілі азамат, осы оқу орнын бітіріп, еңбек жолын жалғастырушы Байнахатов Сұңғат Жолаушыбаевич және Халықаралық деңгейдегі қол күрестен спорт шебері, биылғы оқу жылында бітіргелі отырған 3-курс ГҚЖ-9 топ студенті Бақыт Бауыржан Серіғалиұлымен кездесті.

Кездесу барысында колледж қабырғасындағы қызықты сәттер мен өмір жолы жайында әңгімесе, студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Кездесу соңында ер балалар Бауыржанмен қол күресіп бақтарын сынаса, Сұңғат Жолаушыбайұлы студенттерге «Өмір- ай» жырын арнады.