Ақтөбе облысы Білім басқармасы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті,  Ақтөбе облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарының "Үгіт" жобасын жүзеге асыру мақсатында Әйтеке би көпсалалы колледжі студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл: жаңа  шаралары» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Мырзағалидің ұйымдастырумен танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында студенттер еліміздің дамуына ықпал етуші факторларды негізге ала отырып, өз ұсыныстарын білдірді.  Сонымен жемқорлық іс-әрекеттерінің тигізер зиянды тұстарын да тілге тиек етіп, өзара пікір алмасып, "Жемқорлықсыз өмір" бейнеролигімен қорытындыланды.

 

 

 

 

Директордың ТІЖО                               М. Мырзағали