«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады»- деп Міржақып Дулатұлы айтып кеткендей, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Ұлы даланың жеті қыры» атты халыққа үндеуінде біз өзіміздің қандай топтың ұрпағы, тарихымыздың бастауы, ұлттық идеологиямыз туралы айқындап тайға таңба басқандай айтып өтті. Біз бұл нәрсені айқындап қана қоймай, тарихымызда орын алатын көптеген еңбек сіңірген, даңқты да үлгі болатын еліміздегі барлық өкілдерді әлемге танытуымыз қажет. Бұл «Рухани жаңғырудың» жалғасы болатын ұлы даладағы атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, Ұлы Жібек жолы, «Архив-2025», «Ұлы дала есімдері» және «Дала флольклорының антологиясы» сияқты ірі жобалар бойынша жүзеге асырып, жұмысқа кірісуді ұсынады.
Елбасымыз биыл «Жастар жылы» деп жариялады, сол себепті бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жастардан бастау алып, кейінгіге мұра ретінде ұлттық тәрбиемен сусындату- біздің парызымыз.
Әйтеке би көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағали Мөлдір Болатбекқызы