“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың бірі жаны жайсаң өз ісінің иесі, бірнеше жыл бойы бір салада қызмет атқарған қазіргі Әйтеке би көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Конысбаев Еркингали Саденович.

Өнегелі өмірін, ғибратты ғұмырын білім беру саласына арнап Әйтеке би көпсалалы колледжінде 25 жылға жуық өз шәкірттерін тәрбиелеп келеді. Ол Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозында 1968 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 1983 жылы Басқұдық орта мектебін жақсы аяқтап, 1983-1986 жылдары №133 «Кәсіптік техникалық училещесін» бітіріп, 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеді. 1990-1993 жылдары аралағында Ақтөбе индустриялды педагогикалық техникумын тәмамдап, техник – механик оқу өндіріс шебері мамандығын алды. 2014-2017 жылдары Қостанай инженерлік экономикалық университетінің «Аграрлы техника және технология» мамандығын аяқтады. Өз еңбек жолын 1993 жылдан Комсомол кәсіптік техникалық училищесіне оқу өндіріс шебері, арнайы пән оқытушысы болып,  бүгінгі күнге дейін осы қызметте абыройлы қызмет атқаруда. 2013-2018 жылдары Әйтеке би көпсалалы колледж директорының оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Бірнеше жылғы еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ 2017 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын алса, 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен қоса Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік арнайы пән оқытушысы» сайысында І дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, Конысбаев Еркингали Саденович білікті ұстаз ғана емес, жолдасы Конысбаева Балжан Малдыбаевнамен бірге отбасында 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп отырған отбасы тірегі.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех