Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.  Ұстаз  болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.  Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыз аз емес. Сондай ұлағатты ұстаздың бірі –1965 жылы қараша айының 1-ші жұлдызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Ақкөл совхозында дүниеге келген - Кушкимбаева Сагира Сапиулақызы.

1983 жылы Қарабұтақ ауданындағы мемлекеттік банкте еңбек жолын бастаған.   Ақтөбе индустриалды педагогикалық техникумына түсіп 1986 жылы тәмамдаған. 1986 жылы Комсомол ауданына кәсіптік мектепке «Өндірістік оқыту  шебері» қызметі бойынша  жолдамамен қабылданып,   педагогикалық еңбек жолын бастаған. Сол жылдан бастап көптеген шәкіртке білім нәрін бере білді. Білім алған шәкірттері қазіргі таңда  өз мамандықтарының иесі атанып биіктерден көрініп жүр.

Әрқашан өзінің біліктілік білімін жетілдіруді, ізденісті, әдістемелік жаңалықтарды қолдананып отырады. Сапиулаевнаның тиянақты білім берумен қатар, оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдай түсуге, олардың қызығу, еліктеу сезімдеріне әсер ету талабына басты назар аударды. Ұстаз еңбегі өлшеусіз. Ол өз баласынан гөрі өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан.

Бүгінде Сагира Сапиуллақызы  үш  бала тәрбиелеген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере сүйіп, ата-әже бақытына кенелуде.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех