2018- 2019 оқу жылындағы жатақхана студенттерінің «Кел, студент» тақырыбындағы әдеби- сазды кеші туралы ақпарат

      

Әйтеке би көпсалалы колледжге қарасты жатақханадағы тәрбиелік шаралардың жоспарына сәйкес 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Кел, студент» тақырыбында әдеби- сазды бағдарламасы ұйымдастырылды. Студенттер өз дайындықтарын жақсы көрсете білді. Атап айтсақ, Жонысов Е «Бозжорға» әнін орындаса, Сабыржанов А «18 бен 25» әні, 5- бөлменің қыздары «Заманауи» үлгідегі биімен тамсандырса, 9-8 бөлменің жігіттері «Үздік әзілдерімен» күлкі сыйлай алды. Сонымен қатар, оқытушылар мен жатақхана кезекшілеріне ситуациялық сұрақтар қойылып, тыығырықтан шығу жолдарын таба білді. Кеш соңында ұйымдастырушылар 1- курс студенттеріне естелікке сыйлықтарын ұсынып, директордың ТІЖО М.Мырзағали қорытынды сөзімен аяқталды. Әдеби- сазды кеш жастар биімен жалғасын тапты.

 

Жатақхана тәрбиешісі                   Жақып Ғ.С.