РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРС өңірлік іріктеу кезеңі:

• Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өткізілді.

• Конкурс мақсаты:ТжКБ ұйымдарының дарынды және шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру.

• Конкурсқа колледжімізден кәсіби шеберлік алаңына төреші болып арнайы пән оқытушылары Н.С. Абдисаттаров пен Қ.С.Мопық қатысып өз белсенділіктерін танытып “Алғыс хаттарымен” марапатталды.

* ⁠Ауыл шаруашылық саласы “Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету” құзіреттілігі бойынша колледжден өндірістік оқыту шебері М.У. Тынысбеков қатысып жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

* ⁠Көлік саласы бойынша колледжден арнайы пән оқытушысы Н.Б. Омаров қатысып жүлделі 3 орынға ие болды.

* ⁠Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік пен табыс тілейміз.