Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін есептеп, еліміздің дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформаларжүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Кешке барлығы 21 оқырман қатысты.

 

«Абай дана, Абай дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аудандық кітапхана қызметкері А.Ермағанбетова, Н.Дәрібаева ақынның шығармаларына библиографиялық  шолу жүргізді. Көрмеге І курс студенттері қатысты. Студенттер бір –бірімен көрмеден алған әсерлерімен бөлісті.

.