Кітап көрмесі ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін және ақын туралы жазылған әдебиеттерді қамтиды. «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» - атты виртуалды кітап көрмесі жасалды.

 

Алтын Орданың 750 жылдығына орай Әйтеке би көпсалалы коллледж кітапханасында  «Ұлытау – Алтын Орда бесігі » атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Тағлымы мол бұл көрмеде Алтын Орданың құрылу тарихына, мемлекеттің саяси құрылымына және Алтын Орда дәуіріндегі сәулет өнері ескерткіштеріне кеңінен тоқталды. Колледж студенттері тарапынан тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптар алынды.