Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қара сөздері мен өлеңдері арқылы ұрпаққа қалдырған моральдық, адамгершілік, рухани мұрасының маңызын түсіндірді. Білім алушылар Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, оның «толық адам» ілімін, еңбек, білім, тәрбие жөніндегі ойларын талқылады. Абайдың даналық сөздері мен өлең жолдары арқылы ұлттық болмыс пен тәрбие жайлы терең ойлар айтылды.
View the embedded image gallery online at:
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/kitapkhana/306-abaj-nanbaj-lyny-tu-anyna-180-zhyldy-yna-oraj-kitap-k-rmesi-jymdastyryldy.html#sigFreeIdef7491bdd7
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/kitapkhana/306-abaj-nanbaj-lyny-tu-anyna-180-zhyldy-yna-oraj-kitap-k-rmesi-jymdastyryldy.html#sigFreeIdef7491bdd7