Әйтеке би көпсалалы колледжінің кітапханашысы Боханова Венераның ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие" және "Балалар кітапханасы" бағдарламаларын үндестіру мақсатында "Наурызнама" онкүндігі негізінде білім алушылармен "Автормен диалог" атты жергілікті ақын Зәуеғали Ерболмен шығармашылық кездесу кеші өткізді.
Білім алушылар ақынның шығармашылық әлеміне сапар шегіп, оның жүрек тебірентер жырларымен танысты.
Кездесу барысында:
Ақын өз шығармашылығымен бөлісті, білім алушылар сұрақ қойып, пікір алмасты.
Өнер мен шабытқа толы кеш әр жүректе ұмытылмас естелік қалдырды!