Кітапханашы білім алушыларға Кеңес Одағының Батыры, мерген, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі туралы кеңінен баяндап берді. Оның Отан үшін жанын қиған батырлығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, мәңгі өшпес тарих екені атап өтілді. Іс-шара барысында білім алушылар Әлияға арналған өлеңдер оқып, деректі видеоматериалдар тамашалады. Қатысушылар ерлік пен отансүйгіштік туралы өз ойларын ортаға салып, Әлия бейнесі арқылы қыз бала тәрбиесінде патриоттық рухтың маңызы айтылды.