Кітапханашы білім алушыларға 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысының тарихы, сол жылдардағы халықтың ерлігі мен қаһармандығы туралы мәлімет берді.
Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі, майдан мен тылдағы еңбек, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігі кеңінен сөз болды.
Іс-шара барысында білім алушылар майдангер аталары жайлы естеліктер айтып, патриоттық әндер мен өлеңдер оқыды. Батырлар рухына тағзым етіп, бейбіт өмірдің бағасын ұғыну туралы ой бөлісті.