14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай студенттік парламенттің ұйымдастыруымен "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы өтті. Бұл күн — білімге, ізгілікке бастар жолдың жаршысы. Кітап — сарқылмас қазына, мәңгілік мұра. Әрбір оқылған кітап жаңа әлем ашып, ойымызды кеңейтіп, армандарымызға қанат бітіреді.
Осы мереке күні жүрекке жылу сыйлайтын ерекше сыйлық — кітап сыйлап, жақындарыңыздың көңілін көтеріңіз. Әрбір үйге, әр жүрекке жақсы кітаптың нұры шашылсын!