Әйтеке би көпсалалы колледжі

                                                                                                           «Бекітемін»

                       Директордың ОІЖ орынбасары

                                                              ___________ Туралин Қ.А

                                                       «_22_»     __ақпан__2018ж

 

 

 

 

Ашық сабақ

Өткізген:Қонысбаев Е.С.

Топ:АӨТМ-3

Конысбаев Еркингали Саденович, Әйтеке би көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы

 

ТақырыпЖатканың жалпы құрылысы

Мақсаты: Астық жинайтын машина Енисей комбайнның жұмысшы құрылысы мен жұмысын көрсету, теориялық білімді жетілдіру, негізгі параметрлерін меңгерту

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы:  компьютер, проектор, слайд, электрон материалдар, Астық жинайтын машина Енисей комбайнның жұмысшы құрлысы сызбасы,  қосалқы бөлшектер, кілт-құралдар.

І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттерді журнал бойынша тексеріп, түгендеу, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал-саймандарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

№1. «Миға шабуыл» әдісі бойынша жұмыс жасау.

І топ:Комбайнның бастырғыш құрылғысы  қай жерде орналасқан?

ІІ топ: Комбайнның  қозғалтқышы қай  жерде орналасқан және айналыс күшті  қандай құрылғы арқылы алады?

 І топ: Комбайнның тазалағышының  құрылысын ата?

ІІ топ: Бастырылған масақтар сабаны сіліккіш  арқылы қай құрылғыға түседі?

І топ: Комбайнның егін ору принципті дұрыс па? Жатка-көлбеу камерасы-сіліккіш-бастырғыш 

ІІ топ: Комбайнның егін ору принципті дұрыс па? Жатка-сіліккіш -бастырғыш-көлбеу камерасы

№2 тапсырма: Кестені толтырыңдар.

 1.Егін орудың түрлері

№3Сұрақтарға жауап беру.

 Дуалды оқыту кезінде  ”Құмқұдық”  ЖШС –де  өндірістік тәжірибеден өткенде егін орудың  қай түрімен кездестіңдер?

Егінді бөлектеп ору әдісінде комбайнның қай бөлшегі алмастырылады?

ІІІ. Тақырып жоспары:

 Жатканың жалпы құрылысы

Жатканың екі түрі бар   комбайн жаткасы  және дестелік  жатка.  Комбайн жаткасы мынадай тораптардан тұрады:

1.Қалбағай

2.Кескіш құрылғы

3.Тасымалдауышы механизм  (шнек)

4.Көлбеу камера

5.Берілес механизімдері

6.Теңестіруші механизмдер.

  1. Табан тірек

8.Бөлгіш

Бұлардың барлығы жатка қорабына бекітіледі, ал жатка қорабы көлбеу камера мен теңестіргіш механизм арқылы молотилка қорабына бекітіледі

Видеоролик  бойынша сұрақтар қою.

IV.Бекіту:

№1 тапсырма: “Алғыр болсаң тауып көр”

Жатканың атқаратын қызметі қандай? 

Жұмыс барысы алдында  жатканың реттелуін атап  көрсетіңдер.

Жатканың түрлерін  атап шығыңдар. 

Жатканың ЖНВ-6 түрі егін орудың  қай түрінде қолданамыз. 

“Құмқұдық” ЖШС-де өндірістік-тәжірибеден өту барысында жатканың  құрылысы туралы не білдіңдер.  

№2 тапсырма:

Жатка  бөлшектерінің қай жерде  орналасқынын көрсетіңдер  және атап шығыңдар.

V.Рефлекссия: БББ әдісі бойыннша берілген кестені толтыру

VI.Үй тапсырмасы:  Жатканың құрылысы

VІI.Бағалау: Әр топ басшалары өз топтарын бағалайды.