ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ, АРНАУЛЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ

ҚОНЫСБАЕВ ЕРКІНҒАЛИ САДЕНОВИЧ

 

Тақырыбы: «Мамандығым мақтанышым»
Мақсаты: Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыра отыра териялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру
Эпиграф:“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”

Н. Ә. Назарбаев.
Барысы:
Жүргізуші:
Қош келдіңіз құрметті көрермендер!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер
Бастайық кешімізді рұқсат болса
Бәріңіз тамашалап көріңіздер
дей келе «Білімді жастар – ел болашағы»  атты шебер және арнаулы  пән әдістемелік бірлестіктерінің 2-ші апталықғына яғни ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист-машинист мамандықтарының «мамандығым мақтанышым» атты  студенттер сайысына қош келдіңіздер.

Студенттер еңбектеніп талмаған
Сара жолмен алға өрлеп самғаған
Алдарыңа АӨТМ топтары келіп тұр
Талаптарын ізденіспен жалғаған

Бүгінгі сайысымыздың талапкерлерін ортаға шақырайық.

1.Механиктер командасы

  1. Механизаторлар
  2. Слесарьлар командасы

Сайысымызды  бастамас бұрын байқауымыздың негізгі арқауы болып, қатысушы командаларға баға беру үшін осында келіп отырған әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Туралин Кайыржан Алпысбайұлы
Арнайы пән оқытушысы: Омаров Нурлан Буркитович
Техник механик: Кушкумбаев Бектас Барлыковичке қол соғып қошемет білдіріп қояйық!
Қатысушы командалардың бағасы сайыс соңында бағаланып, сенбі күні мақтау қағазымен марапатталады.

Ал енді жарыстың барысымен таныстырып өтейін

1 кезең: Таныстыру

2 кезең: Сұрақ-жауап

3 кезең: Трактормен жаттығулар

Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Жүргізуші:Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі бірінші кезеңі Таныстыру.

Жүргізуші:Сайысымызды  келесі кезеңі Сұрақ-жауап. Әр топтар экрандағы ұяшықтар арқылы сұрақтар таңдауларын сұраймыз.

Жүргізуші:

Қауіпсіздік ережесімен сіздерді аға оқу өндіріс шебері Кеңесбаев Серик Жаркынбекович таныстырады.Командалардың трактор жүргізуге дайындық рапорты.

Жүргізуші: 

О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін - бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп келесі бөліміміз Трактормен жаттығулар.Жүргізу маршруттары экранда.

Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді топтар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.



- Бүгінгі кешімізге қатысқан барлық топтарға, оқытушылар мен оқу өндіріс шеберлеріне, арнаулы пәндер оқытушыларына және де барша белсенділік көрсеткендерге көптен - көп рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз