Қонысбаев Е.С. – «Әйтеке би көпсалалы колледжі» МКҚК оқытушысы, Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы.

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту қажеттігі тұжырымдалғаны тегін емес. Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады.

Жұмысшы кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты жұмысшы кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны баршаға мәлім.

       ТжКБ беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.

        Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесі ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

        Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Әлеуметтік серіктестік аясында Әйтеке би көпсалалы  колледжі негізінен ауыл шаруашылық саласына білікті жас мамандарды даярлау үшін 10–өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырды. Соның ішінде 2015-2016 оқу жылында Әйтеке би көпсалалы колледжі, аудан әкімі Бердалин Аманғали Бисенбайұлының қолдауымен эксперементальды түрде дуальды оқыту жүйесіне көшті.

        Мелекеттік тапсырыс 1504000-« Ферма шаруашылығы»  1504062-«Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист машинист»  мамандығы дуальды оқыту жүйесі бойынша 25 студент қабылданды.

Серіктестер ЖШС «Құмқұдық», Облыстық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» және МКҚК «Әйтеке би көпсалалы колледжі» үш жақты келісім шартқа отырып, оқу жұмыс жоспары құрылып, өз жұмысын бастап кеткендігі дуалды білім берудің бастамсы болып отыр.  

        Дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

  1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі басқаруы;
  2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
  3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, икемді курстар бағдарламаларын әзірлеу;
  4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
  5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылауы;
  6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;
  7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
  8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;
  9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
  10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

        Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері.

        Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда   шешім қабылдау  іскерлігі қалыптасады.

        Әйтеке би көпсалалы колледжінде  аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, білікті жұмысшы кадрларды бірлесе даярлауға жұмыс берушілерді жұмылдыру мақсатында әртүрлі істер жасалынуда. Әлеуметтік серіктестіктермен келісім шарттар жылда жаңартылып отырады.

        Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы оқушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).
  2. Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үшжақты шарттар жасау.
  3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.
  4. Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.
  5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді, диплом жобаларының жетекшілері болып табылады.
  6. Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру.

Колледж түлектерін дайындауда білімді  тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді түрде  қатысып отырады.

Жұмыс беруші мекеме өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, біліктілік, білімділік деңгейлерін сарапқа салады, бағалайды.

        2016 жылдың сәуір айында дуалды білім беруге байланысты ауданымызға облыс әкімі Б.Сапарбаевтың іс-сапары нәтижесінде дуалды оқудың бастамасына оң нәтижесін берген болатын. «Құмқұдық» ЖШС-те   дуалды білім беруде, студенттер жатақханамен қамтамасыз етіліп, соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникаларымен  жабдықталған яғни колледжде оқитын білім алушыларға   тәжірибеден өтуге мүмкіншілік жасалып отыр.  Сондықтан дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2.Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы

  1. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»

4.«.ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»

  1. Өндірістік оқу сабақтарын дуалды оқыту жүйесінде қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қонысбаев Е.С. – «Әйтеке би көпсалалы колледжі» МКҚК оқытушысы, Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы.

Тезис

Жұмыстың мақсаты: Кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау, олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту.

        Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.  Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру болып отыр..

  Сондықтан дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2.Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы

  1. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»

4.«.ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»

  1. Өндірістік оқу сабақтарын дуалды оқыту жүйесінде қолдану.

 

 

 

Айтекебийский многопрофильный колледж

Заместитель директора по УПР

 Конысбаев Еркингали Саденович

аннотация  на тему « Дуальная обучения»

 

 

 

Вопросы взаимоотношения системы профессионального образования и рынка труда требуют серьезного обновления, поэтому внедрение дуального обучения - это веление времени. 

         Цель дуального обучения - это взаимодействие с работодателями, состоящим из различных   содержанию этапов, норм и методов, а также процессом, цель которого состоит в подготовке кадров, ориентированных на инновационную деятельность в экономической сфере.