Мақсаты: Студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Студенттер арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар,бояулар, стикер қағаз, музыкалық әуен.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті студентте! Бүгін сіздерді психологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріміздібен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.
ІІ.Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір студент мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Онын барлығын тренинг барысында орындаймыз. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір- бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір- бірімізді түсінуге тырысамыз.
ІІІ. Амандасу
5 ТІЛЕК
Студенттер шеңбер құрып отырады. Барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізбен әр саусағымызды біріктіріп бір-біріне тілек айту арқылы амандасады.
ІV. «Менің визиткам»
Қатысушыларға өздерінің осы тренинг барысында қалай атауды қалар еді, өздерінің балалық шақтағы еркелетіп айтқан есімімен бе, әлде туған туысқандары қалай еркелетіп айтаты. Сол есімді визиткаға үлестіреді де скотч арқылы кеуделеріне бекітеді.
- Арт терапия элементін қолдану арқылы сурет салу.
ЭБРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген қағазға өз ойыңызды суретпен көрсетіп салыңыз. Ойларын сұрап, қорытындылау.
1.Мен өзімді қалай көремін. (Мен қандаймын)
- Мені басқалар қалай көреді.
- Ал шын мәнінде мен қандаймын.
- Менің ұстанымым
- « Құбыр»
Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
VII. «Жіп терапиясы»
Мақсаты: Ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.
Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын құтысы
Ережесі: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 20 қатысушы болса 11 бөлікке бөлінген 2м жіп қажет. Әр қатысушның қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын арттыра түседі.
- Тыңдай білу.
- Белсенділік.
- Шығармашылық.
- Төзімділік.
- Сыйластық.
Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
Топқа берілетін тапсырма: Құрметті студенттер, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы "Бірлік бар жерде тірлік бар".
VIII.«Би терапиясы»
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.
Нұсқау: Студенттер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Психолог ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.
IX.Релаксация
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Х. Рефлексия.
ХІ. Қорытындылау.
Қарым-қатынас – бұл табыс пен өмірлік мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал. Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар, жақсы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін өткір сезінді. Өйткені, бірдеңеге қол жеткізу үшін таныс керек болды. Мысалы, ет сатушы сізге сүйек емес, жақсы ет сатқанын қаласаңыз, онда онымен жақсы таныс болуыңыз керек болған. Бүгін де жағдай қатты өзгерген жоқ – жақсы өмір сүру үшін барлық жерде танысың болғаны жақсы. Біз сіздерге адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға көмектесетін алтын қағиданы жинастырдық.
- Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді.
- Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз.
- Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.
- Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.
- Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады.
- Адамдарды сынап, мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз, жеке басын емес.
- Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін. 8. Әрдайым өз қателіктеріңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз – және кешірім сұраңыз.
- Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.
- Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді. Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырсыңыз.
- Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз.