2024-2025 оқу жылының 10 қазан күні колледжде 1,2,3 курс білім алушылары арасында «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында колледж педагог-психологы А.Д.Досмуратовтың іс-шарасы өткізілді. Шара білім алушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту мақсатында «Сіз білесіз, Сіз білмейсіз» тренингімен бастап өткізілді. Тренингтің мақсаты: білім алушылардың бір-бірін толық танып білуге, қарым-қатынастарын одан әрі жақсарту. Тренингте әр студент өзінің білетін жақсы қасиеттерімен және білмейтін жақсы жақтарымен топтағы білім алушылар мен бөлісіті.
Іс-шараның негізгі бөлімінде білім алушыларға буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады? – жадынама таратылды. «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу» тақырыбының мақсаты: Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?, буллингтің түрлері, қорқыту-қудалау үшін қолданылатын сылтаулар, неліктен адамдар буллинг жасайды, егер сен буллингке тап болсаң не істеуің керек?, Егер басқа біреу кибербуллингке ұшыраса ше?. «Буллинг, кибербуллинг» тақырыбында білім алушылар өздеріне қажет өзекті мағұлмат алып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауап алды. Шара соңында педагог-психолог тарапынан білім алушырға психологиялық кеңес беріліп, тақырыпқа сәйкес білім алушылар мен кері байланыс жасады.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/psikholog/298-bulling-kiberbullingti-aldyn-alu-is-sharasy.html#sigFreeId4058a4c280