Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Нажмадинов және колледж директоры Асылбек Қанымбаев колледж студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.

  Кездесуге келген, аудан әкімі Дархан Жанысханұлы алдымен, Елбасымыз Ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананың түзу жолымен қалыптасуымен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін атап өтіп, болашағымыз жастардың қолында екенін баса айтты.  Аудан әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын, ұсыныс тілектерін де айтты.

Кездесу барысында, аудан әкімі жастардың кәсіпкерлікпен айналсуына көп мүмкіндік бар екенін атап өтті. Жастардан тек білім алудан жалықпау ғана талап етіледі,-деген аудан басшысы жастарды бір ғана жетістікпен тоқталмай, білімді шыңдай түсуге шақырды. Сондықтан да, ел игілігі үшін еңбек ету керек, - деді. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де атап өтті.

#әйтекебиауданы #студенттерменкездесу #еркінсұхбат