Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Әйтеке би көпсалалы колледжінде талай жылдар бойы қызмет етіп, жас маман тәрбиелеуде ерең еңбектерін сіңірген ардагерлеріміз Шалов Едіге, Смагулова Роза Жамантайқызы, Сулейменов Муханбет Нажмадинович, Карпова Тамара, Елеусизов Қарасай, Жексенбаев Амантай, Жексенбаева Базар, Еденов Арыстан, Жетибаева Жаңылсын, Балманова Наталья.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың Еліміздің өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сол үшін бүгінгі ұрпақтарыңыз Сіздерге мәңгі қарыздар. Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! @bilim_akimat @nur_otan @bilim_gylym_kasipodagy #1қазанқарттаркүні #қарттарымызқазынамыз
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/zhanaly-tar/175-arttarym-asyl-azynam-kolledzh-ardagerlerin-ly-tau.html#sigFreeIdd8c850fb2e