1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Әйтеке би көпсалалы колледж студенттеріне "Елбасы салған - сара жол" атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.