1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай "Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент - Елбасының рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Әйтеке би көпсалалы колледжінің "Намыс" дебат клубының мүшелері, Әйтеке би аудандық ОКЖ кітапханашылары А.Ермағанбетова; Н.Қожабаева; Г.Тоқсанбаева және колледж кітапханашысы В.Боханова қатысты. Колледж студенттері алдымен Елбасы Н.Назарбаевттың әр жылдардағы атқарған жұмыстары туралы көрмені тамашалап, Елбасы жайлы кітаптармен танысты. Аудандық кітапхана қызметкерлері "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Колледж кітапханашысы В.Боханова аталмыш мерекенің мән-маңызы, Елбасының көшбасышылық орны, әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде пікірлерімен бөлісті. "Дөңгелек үстелге" қатысушылар Елбасы еңбегіне байланысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.