ӘЙТЕКЕ БИ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

24 ақпан, бейсенбі күні басқарма басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова Лескенқызы Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барып, Әйтеке би көпсалалы колледжінің директорын тағайындады.

Әйтеке би көпсалалы колледжінің директоры лауазымына Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы тағайындалды.

Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы 30 наурыз, 1968 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы станциясында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Жалпы жұмыс өтілі 37 жыл.

Еңбек жолы

07.1998ж.-06.2001ж. – Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының Новоказалинск қаласы бойынша диреторы;

06.2001ж.-05.2005ж. – Батыс көлік институтының директоры, Ақтөбе қаласы;

05.2005ж.-08.2005ж. – Қазақстан инженерлік-экономикалық институты Ақтөбе оқу-консультативтік пункт өкілдігінің директоры, Ақтөбе қаласы;

05.2004ж.-09.2005ж. – Ақтөбе теміржол көлігі колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары;

09.2005ж.-01.2008ж. – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары;

01.2008ж.-09.2017ж. – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

09.2017ж.-02.2018ж. – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Ғылыми-инновациялық бағдарламалар» департаментінің диреторы;

02.2018ж.-09.2020ж. – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, аға оқытушы;

02.2021 жылдан қазірге дейін – С.Бәйішев атындағы АУ доценті.