2022 жылдың 1 наурыз күні Әйтеке би көпсалалы колледжінде Алғыс айту күні мерекесіне орай «АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ» атты мерекелік кеш өтті. Әйтеке би көпсалалы колледжінің директоры Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы бүгінгі мерекемен Ұстаздар мен студенттерді құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында тарих пәнінің оқытушысы Қ.Е.Абдиханов «1 – Наурыз Алғыс күні» атты баяндамасын оқып, И.Короваенко «Мен баймын»  әнін орындаса, С.Мухамедияров «Анама» әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, мерекелік кеште «Алғыс күніне» арналған бейнеролик көрсетіліп, ұстаздардың құттықтау сөздерімен жалғасты. Мерекенің тақырыптық мазмұны ашылып, көрерменнің көңілінен шықты.