Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне  орай, Әйтеке би көпсалалы колледжінің кітапханашысы Боханова Венера Таупбаевнаның ұйымдастыруымен мерекелік кездесу кеші өтті.

«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында өткен іс-шараға колледжіміздің директоры Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлы, өндірістік оқыту шебері Кушкимбаева Сағира Сапиуллаевна, Т.Жүргенов орыс мектебінің оқытушысы Нағметова Валентина Владимировна және Аспаз-7 тобының студенттері қатысты.  Бұл шараның мақсаты: біздің еліміздің халықтарының тарихи өткені мен дәстүрлеріне қатысты құрметті және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру,  түрлі ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Кездесу кеші Әйтеке би көпсалалы колледжінің директоры  Жиенқожаев Мақсұт Самұратұлының құттықтау сөзімен басталып, кітапханашы қатысушыларды Алғыс айту күні  мерекесінің бекітілу тарихымен таныстырды. Барлық қатысушылар өз тілектерін білдіріп,  шара қонақтарының өнегелі әңгімелерімен жалғасты.