Әйтеке би көпсалалы колледжінде «Жұмысшы мамандық» жылына орай ұйымдастырылған Juniorskills - 2025 аспаздар сайысы өз мәресіне жетті! Бұл шара жас таланттарды анықтап, олардың кәсіби ортада дамуына ықпал ету мақсатында өткізілді. 

Сайысқа қатысқан ауданымыздың 4 мектебінен 8 оқушы және Әйтеке би көпсалалы колледжінен 2 студент төрт кезең бойынша бақ сынады. Барлық қатысушылар аспаздық бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Сайысқа келген аудан қонақтары Әйтеке би ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Мопық Айгерім Абатқызы және Атамекен кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының басшысы  Бозбетов Ербол қатысып өз пікірлерін білдіріп, алғысын айтты.

Сайысымыздың сарапшылары:

Әйтеке би ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Омарова Гүлдаурен Жетписбаевна , «Ақ шанурақ» ресторанының аспазы Ахметова Гүлжанат Муратовна, Маңсап орталығының маманы Динова Жұлдыз Жанұзаққызы сарапшылық қызметін атқарып әділ бағаларын берді.

Сайыс қорытындысы бойынша: 

  • I орын - “Комсомол” ЖОББМ
  • II орын - “Т.Жүргенов” ЖОББМ
  • III орын - “Талдысай” ЖОББМ

Екі команда ерекше номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: 

  • « Шебер аспаз » - Әйтеке би көпсалалы колледжі
  • «Білікті аспаз» - “М.Жұмабаев” ЖОББМ 

Шараның сарапшылары алғыс хаттармен марапатталды. Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын тауып, аспаздық өнерге қызығушылығы бар жастардың кәсіби ортада байланыс орнатуына мүмкіндік береді деп сенеміз