Бір мектеп - Бір дағды жобасы
Ақтөбе облысының білім басқармасы 2025 - жыл Жұмысшы мамандықтар жылының іс шаралар жоспарына сәйкес Әйтеке би көпсалалы колледжінде 14 - сәуірде «Бір мектеп - бір дағды» (One school - one skills) курсы басталды.
Жобаның мақсаты - мектеп оқушыларына нақты бір еңбек дағдысын меңгерту, оларды жұмысшы, мамандықтарына кәсіби бағдарлау және техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын арттыру. Курсқа ауданымыздағы М.Жұмабаев атындағы ЖОББ мектебінен 10 оқушы «Ауылшаруашылығын механикаландыру» құзіреттілігі бойынша оқиды. Қысқа мерзімді курс аяқталғасын оқушыларға куәлік беріледі.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/zhanaly-tar/295-bir-mektep-bir-da-dy-zhobasy.html#sigFreeId3aa4c0e9ec