19 ақпан күні «Кәсіби білім аясы» атты апталығының жоспарына және 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына арналған медиа - жоспарына сәйкес колледжімізде жас кәсіпкерлер мен болашақ бизнесмендер үшін ерекше шара – Бизнес стартап өтті.
19 ақпан күні Арнайы пән және өндірістік оқыту әдістемелік бірлестігінің «Кәсіби білім аясы» атты апталығының жоспарына және 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына арналған медиа - жоспарына сәйкес колледжімізде жас кәсіпкерлер мен болашақ бизнесмендер үшін ерекше шара – Бизнес стартап өтті. Іс - шараға арнайы қонақтар, табысты кәсіпкерлер А.Бердібекқызы, С.Бақтыгерейұлы, Ә.Жаңабайқызы келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Стартапқа қатысушылар қатарында М.Жұмабаев ЖББОМ, Т.Жүргенов атындағы ЖББОМ оқушылары және колледжіміздің 1 курс студенттері болды. Жас кәсіпкерлер өз идеяларын ұсынып, бизнес - жоспарларын таныстырып, болашақта оны дамыту жолдарын талқылады. Шара барысында қатысушылар кәсіпкерлік әлеміне қадам басудың қыр - сырын үйреніп, мотивация алды. Осындай мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз! Қатысушыларға колледж әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.