Әйтеке би көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына орай Ашық есік күні өтті 16.04.2025

 

2025 жылдың сәуір айында Әйтеке би көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған жоспарға сәйкес Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс - шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларын колледждің білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен және оқу ордасының материалдық - техникалық базасымен таныстыру, сондай - ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт - бағдар беру болды.

Іс - шараға аудан мектептерінен оқушылар белсене қатысты. Атап айтқанда, Т. Жүргенов атындағы жалпы білім беретін мектептен 30 оқушы, ал М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептен 40 оқушы келіп, колледж өмірімен танысты.

Ашық есік күні барысында оқушыларға колледжде оқытылатын түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, шеберханалар мен зертханалар көрсетілді. Қатысушылар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін аралап, тәжірибелік сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай - ақ, колледждің білікті оқытушылары оқушыларға шеберлік сабақтарын өткізіп, мамандықтардың артықшылықтары жайлы баяндады.

Шара соңында оқушылар колледждің әлеуметтік серіктесі — «Бұлақ Агро» мекемесіне экскурсияға барды. Бұл экскурсия барысында оқушылар ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік үрдіспен танысып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар жайлы құнды ақпарат алды.

Мұндай іс - шаралар жастардың кәсіптік бағдарын дұрыс қалыптастыруға, өз болашағын саналы түрде таңдауға үлкен ықпал етеді.