28- 29 қыркүйек күндері аралығында Әйтеке би көпсалалы колледжінде қаншама жылдан бері қызмет етіп келген аға шебер Бауыржан Оразбайұлын еске алуға арналған волейболдан турнирі өтті.

 

Турнирге барлығы 11 команда қатысты. Олар: М. Жұмабаев ат.ЖОББМ, Т.Жүргенов ЖОББМ, Комсомол ЖОББМ, Спорт мектебі (БЖСМ), Қарабұтақ ЖОББМ, Т. Шевченко ат.ЖОББМ, Ж.Сәрсенов ат.ЖОББМ, Талдысай ЖОББМ, Абай ат.ЖОББм, Қарашатау ЖОББМ және Әйтеке би көпсалалы колледжі командасы қатысты. Финалда : М. Жұмабаев ат.ЖОББМ, Спорт мектебі (БЖСМ),и Қарабұтақ ЖОББ мектебі бақтарын сынады. Нәтижесінде 3- орын Қарабұтақ ЖОББМ, 2- орын М. Жұмабаев ат.ЖОББМ және турнирдің ауыспалы кубогіне Спорт мектебі (БЖСМ) командасы қанжығаларына байлады. «Ең үздік шабуылшы» номинациясына Ишаулов Арман және Даукенов Нұрым, «Ең үздік қорғаушы» номинациясына Жалел Самал және Досжанова Мөлдір, «Ең үздік пас беруші» номинациясына Бабанов Ғабит, «Ең үздік ойыншы» номинациясына Айдаубаев Жасұлан ие болды.  Сонымен қатар, колледж директоры А.С. Қанымбаев , М. Жұмабаев ат.ЖОББ мектебінің директоры С.М. Издина, туыстары, көршілері, Қарабаев М.С мен Смагулова Р. Ж қаржылай, заттай  демеушіліктер көрсетті. Турнирге келіп қатысқан барша командалары мен олардың басшыларына, туған- туыстарына, демеушілерге, қонақтарға  колледж тарапынан алғыс білдіреміз. 

.