Әйтеке би көпсалалы колледжінде 17- қазанда өткен «Алтын күз- 2018»  жұптар арасындағы сайысы туралы ақпарат

 

Табиғаттағы керемет құбылыстардың көрінісін суреттейтін мезгіл- күз айы. Күз айында колледжімізде осы мезгілдің берекесі мен молшылығын көрсету мақсатында 17- қазан күні дәстүрлі  «Алтын күз- 2018»  жұптар арасындағы сайысы өтті. Сайысты ең алдымен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағали М.Б алғашқы сөз кезегін айтып, қатысушыларға сәттілік тілеп, 1-курс  Аспаз-7 топ студенті Бергалиев Елханның орындауында «Ерке сылқым» күйімен басталды. Сайысқа барлығы 6 жұп қатысты. Олар: Аспаз-7 тобынан Жалғасбаева Альфия мен Жармұханбет Азамат, Тігінші-8 тобынан Айбалтанова Фариза мен Көпжанова Нурсамал, ГҚЖ-1 тобынан Әбдібекұлы Диас пен Сырмаханов Мейрамбек, Аспаз-2 тобынан Әбілкаемова Айман және Байзақов Хамит, АӨТМ-4 тобынан Айдынбаев Аслан және Сабыржанов Айдын, Аспаз-5 тобынан Балсейітова Мақпал және Қарымсақ Әлімжан қатысып, өз бақтарын сынады.

     

Сайыс 4- бөлімнен тұрды: «Таныстыру», «Өнерімен көрінер жастар әлі» өз өнері көрсету, «Күзгі сый» тағам түрлерін әзірлеу, «Адам көркі- шүберек, ағаш көркі- жапырақ» ерекше үлгідегі сән үлгісі. Жұптарға әр бөлім бойынша әділ бағасын берген әділ қазы мүшелері Жастар ресурстық орталығының басшысы м.а А.Абісалам, колледж психологі Досмуратов А.Д және бас есепші Жақсыбаева А.О.  Қатысушы жұптар әр бөлімде ерекше қырын көрсетіп, таң қалдыруға тырысты.

   

Нәтижесінде жүлделі 1-орын дипломының иегерлері 1-курс Тігінші-8 тобы, 2- орын 3-курс Аспаз-5 тобы, 3- орын 1-курс Аспаз-7 тобы иеленіп, барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар» табысталды. Барлық ұйымдастырушыларға тәрбие бөлімі тарапынан алғыс білдіреміз.