Ақтөбе облысы әкімі Б. М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жергілікті десант ақпараттық- түсіндіру жұмыстары негізінде ағымдағы жылдың 13- қараша күні Әйтеке би көпсалалы колледж ұжымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында ақпараттық топпен кездесті.

 

Кездесуде 1984-1985 жылы колледжде директор қызметін атқарған облыстық  ардагер мемлекеттік қызметшілер ұйымының төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Ботағарин Серік Көшерұлы, медицина саласының ардагері Рахиев Роман Рахиұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кафедра меңгерушісі Алдашев Нурдаулет Мырзалыұлы, облыстық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы Айдосов Бақыт Сағидоллаұлы, Әйтеке би ауданы әкімі орынбасары Б. Мулкаев және аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Н. Б. Нажмадинов болды. Кездесуде Елбасының Жолдауы насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында мемлекеттік қызмет ардагері Ботағарин Серік Көшерұлы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Болатбекқызына ескерткіш сыйын табыстады. Кездесуге арнайы келген облыстық ақпараттық топқа оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Е. Қонысбаев алғысын білдірді.

.