Ақтөбе облысы әкімі Б. М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жергілікті десант ақпараттық- түсіндіру жұмыстары негізінде ағымдағы жылдың 14- қараша күні Әйтеке би көпсалалы колледжіне облыстық ақпараттық топпен келіп, «Еңбек даңқы» бөлмесімен танысты.

 

Кездесуде 1983-1985 жылы колледжде директор қызметін атқарған облыстық  ардагер мемлекеттік қызметшілер ұйымының төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Ботағарин Серік Көшерұлы, медицина саласының ардагері Рахиев Роман Рахиұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кафедра меңгерушісі Алдашев Нурдаулет Мырзалыұлы, облыстық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы Айдосов Бақыт Сағидоллаұлы, Әйтеке би ауданы әкімі орынбасары Б. Мулкаев және «Жаңалық жаршысы» аудандық газетінің бас редакторы С.Генин болды. Кездесуде ақпараттық топ арнайы колледжде еңбек еткен ардагер ұстаздар мен колледждің тарихына айналған оқиғаларға толы ескерткіш суреттерін қарады. Ботағарин Серік Көшерұлы өзі қызмет еткен жылдардағы әріптестері мен студенттерінің суреттерін қарап, сол жылдарға қайтара сапарға апарғандай болды. Сонымен қатар, 1983 жылы Қонысбаев Еркінғали Сәденұлы осы техникалық училищеде оқып жүрген уақытта, ең алғаш Серік  Көшерұлымен бірге отырғызған ағаштарын көрсетіп, 35 жылдан кейінгі кездесуге куә болдық.

 

 

Әйтеке би көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Мырзағали Мөлдір Болатбекқызы

 

.