«Өзін-өзі тану» - бұл студент жастардың бейімделуіне, болашақ педагог тұлғасы ретінде жүректе және санада рухани-адамгершілік өзгеруіне ықпал ететін негізгі қадам болып табылады.
Осының негізінде 2022 жылдың 1 ақпан мен 11 ақпан аралығы күндері рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өтті.
Біз ХХІ –ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл біздің осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Жасөспірімнің жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен еңгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы колледждік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Колледж әдіскері Г.Жолманова сөз сөйлеп, студенттерді әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа ,татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. Онкүндік аясында колледждің өзін-өзі тану пәні оқытушысы А.Д. Досмуратов С.Назарбаеваның өмірбаянымен таныстырды. Сара Алпысқызының білім беру жүйесіне еңгізген өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсіндірді. Студенттер қызыға тыңдап, С.Алпысқызы жайында көптеген мәлімет білді.Сонымен қатар ашық сабақ, тренинг сабағы, ата –аналармен кездесу, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерімен бірлескен тренинг, семинар, дөңгелек үстелдер шаралары өткізілді.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/distemelik-b-lim/distemelik-zh-mys/233-zin-zi-tanu.html#sigFreeId2d99724f56