СЕМИНАР
24 қазан Әйтеке би көпсалалы колледжінде директордың ТІЖ орынбасары С.Е.Мустафина мен арнайы пән оқытушысы Д.А.Бақыт "Қолайлы қауіпсіз білім беру" және "Зорлық зомбылықтың алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар мақсаты: Студенттер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның зиянды салдарларын түсіндіру, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру. Білім алушыларды құқықтық сауаттылыққа баулу, психологиялық көмек көрсету және өзара қолдау жүйесін дамыту.
Семинар барысында колледж әдіскері Г.Ж.Жолманова алғы сөз алып бүгінгі семинардың тақырыбы терең ой беретін, қазіргі таңдағы ауқымды тақырыптардың бірі және барлық оқытушыларға тақырыптың салдарларын түсіну, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, психологиялық тұрғыда өздерін еркін сезініп семинарға сәттілік тіледі.
Семинарда колледжде қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құрудың психологиялық-педагогикалық шарттары туралы білімді тереңдету мәселелері қаралды.
ТІЖ орынбасары С.Е.Мустафина семинарға қатысушыларды қорқыту ұғымымен және кибербуллингтің ерекшеліктерімен, сондай-ақ жастар ортасында қорқытудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті заманауи ресурстармен таныстырды. Қатысушылар осындай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы негізгі ұсыныстарды талқылады.
Әдістемелік семинардың қызықты тұсы осы тақырып бойынша курстардан өткен педагогтардың тренингтерін өткізу болды. Семинарға қатысушылар семинар тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін, презентацияның қолжетімділігін, нақты жағдайларды шешуде тәжірибе алу мүмкіндігін атап өтті.
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізілген семинардың өзектілігін атап өтті.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/distemelik-b-lim/distemelik-zh-mys/301-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-ta-yrybynda-seminar-tkizdi.html#sigFreeIdb8dbe6229b