2022 жылдың 2 наурыз күні Әйтеке би көпсалалы колледжінде арнайы пән оқытушысы Е.С.Конысбаевтың «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инновациялықтехнологияларды қолдану» және топ кураторы Ә.Қ.Суликовамен, колледж психологі А.Д.Досмуратовтың «Бір сабақ. Бір мақсат. Нәтиже» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында өткен семинар тренингке қатысып, колледж оқытушыларымен семинардан алған тәжірибелерін бөлісіп, пікір алмасу мақсатында ауқымды шара өткізілді.
Семинарға колледж директоры М.С.Жиенкожаев қатысып, колледж оқытушыларына әрбір барған семинарлардан алған білімдерін оқытушыларымен үнемі бөлісуді және сабақ үрдісіне енгізуді айтты.
Тәжірибе алмасуда тренингтер ұйымдастырылып, оқытушылардың нәтижелі сабақ өткізу мақсатындағы іс-шаралары таныстырылып, видеороликтер көрсетілді.
Екі сағатқа созылған семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті.
https://aitekebi-mk-2022.edu.kz/kz/distemelik-b-lim/distemelik-zh-mys/234-bir-saba-bir-ma-sat-n-tizhe-ta-yrybynda-a-t-be-oblysty-ylymi-t-zhiribelik-ortaly-ynda-tken-seminar-treningke-atysyp-kolledzh-o-ytushylary-seminardan-al-an-t-zhiribelerin-b-lisip-pikir-almasu-ma-satynda-au-ymdy-shara-tkizildi.html#sigFreeIdc5668f38bf