«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»
          

Әйтеке би көпсалалы колледжінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих факультетінің 4 курс студенті Г. Жалғасбайқызы 14.01-28.03.2022 ж. аралығында өндірістік практикадан өтті. Практикадан өтуге колледж тарих пәнінің оқытушысы К. Е. Абдиханов, жетекшілік етті. Г. Жалғасбайқызы практика барысында жетекшілік қызметінде болған тарих пәнінің оқытушысының жыл бойына жасалған жоспарларымен танысып, өз сабағына ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруды үйренді. Практикант терең теориялық білімді игергенін және оны практика жүзінде қолдана білетінін бүгінгі "Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері" тақырыбында өткізген ашық сабағынан айқын көрінді. Болашақта колледжімізден алған тәжірибесінен Г. Жалғасбайқызы жақсы маман иесі болатынына сеніміміз мол.