10 наурыз 2022 жылы колледжіміздің әдіскері Г.Ж.Жолманова «Аттестатталушы оқытушылардың аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.
Семинар барысында педагогтармен көңілді «Жасырын хат,ойлан тап»,«Сенің бейнең» тренингтері ұйымдастырылды және аттестаттаудың негізгі қағидалары мен шарттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығымен де таныстыру жұмыстары жүргізілді және жаңашылдықтың бірі-педагогті аттестаттау кезінде эссе жазу туралы да толық мағлұмат берілді.
Семинарды қорытындылау барысында биылғы аттестатталушы оқытушыларға құжаттар дайындауда және аттестатталу кезінде жауапкершілікті арттыру жөнінде колледж директоры М.С.Жиенкожаев үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде тапсырма берді.