Әйтеке би көпсалалы колледжінде 20 қыркүйек күні оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне «Семинар» ұйымдастырылды. Семинар барысы:

“ТжКБ ұйымы педагогінің инклюзия жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мотивациялық-құндылық дайындығы” арнайы пән оқытушысы Ә.Қаниқызы;

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында тақырыбын директордың ТІЖ орынбасары С.Е.Мустафина баяндады. Осы орайда барлық оқытушылар құрамына Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімді даярлау ерекшелігі білім беру үрдісінің нәтижесі білім мен дағдылар жүйесі емес, басты құзыреттер жиынтығы болатын құзыреттілік ыңғай жасауға бағытталуы керек екендігі туралы және педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім берді нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға бейімділігі мен қажеттілігі туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры дей келе, Тәрбие мазмұнын айқындауда әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы жалпы мәлімет берілді. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.